Республикашылдар АҚШ Сенатын бақылауға алады
АСТАНА. KAZINFORM — Батыс Вирджиния мен Огайо штаттары Республикалық партия жағына өткеннен кейін Сенаттағы республикашылдар демократтарды ығыстырып, 100 орынның 51-інің көпшілігін иеленді, деп жазады NBC News.
Республикалық партияның Сенаттағы жетістігі партияға келесі президент кезіндегі заңнама мен тағайындауларды бақылауға мүмкіндік береді.
Осылайша, Батыс Вирджинияда Джим Джастис жеңіске жетіп, отставкаға кеткен демократ Джо Мэнчиннің орнын алмастырды.
Огайо штатында республикашыл кандидат Берни Морено демократиялық сенатор Шеррод Браунды жеңді.
Техастағы республикашыл сенатор Тед Круз бен Флоридадан Рик Скотт қайта сайлауда жеңіске жетті, ал Небраска штатынан республикашыл Деб Фишер өтті.
Республикалық партия сенаторлары келесі аптада жаңа көшбасшы таңдайды, өйткені Кентукки штатынан республикашыл Митч Макконнелл 18 жылдық еңбек өтілімен қызметінен кетеді.
Сонымен қатар, өкілдер палатасындағы орындар үшін күрес жалғасып жатыр және нәтижесі белгісіз. Cook Political Report есебіне сәйкес, күрес орталығында 22 орын бар — демократтарда 10, республикашыларда 12.
Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жетті.