Reuters: Үндістандағы әуе апатында қаза болғандардың саны 290-ға жетті

НЬЮ-ДЕЛИ. KAZINFORM — Үндістанның батысындағы Air India әуе компаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы апатынан 290-нан астам адам қаза тапты, деп жазды ТАСС.

Үндістандағы ұшақ апаты
Фото: Reuters

Әуе апатында ұшақтағы жолаушылар мен оқиға орнында болған жердегі адамдар көз жұмған.

Бұл туралы Reuters агенттігі полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Қаза тапқандардың арасында ұшақ бортында болған жолаушылар мен экипаж мүшелері ғана емес, ұшақ құлаған аумақтағы адамдар да бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Air India апатынан қаза тапқан 204 адамның мәйіті табылғанын жазған едік. 

Үндістанның Ахмедабад қаласындағы ұшақ апатында 11A орнында отырған бір адам тірі қалғанын бас полицей хабарлаған болатын. 

 

 

Соңғы жаңалықтар