Ревакцинация үшін Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады

Коронавиурс инфекциясының ел аумағында таралуына жол бермес үшін 2022 жылы 3,5 млн доза вакцина сатып алынған (Sinopharm – 2 млн, QazVac – 1,5 млн доза). Оның ішінде өңірлерге 2,9 млн доза жөнелтілген. Сондай-ақ, бірыңғай дистрибьютордың қоймасында 594 мың доза сақтаулы тұр. Осының бәрін ескерсек, қазір өңірлерде QazVac, Комирнати, CoronaVac, Sinopharm, Hayat екпелерінің 4,1 миллионнан астам дозасы қалған», - деп жазылған ведомствоның ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.
Министрліктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өңірлерге «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы ақысыз негізде жолданған.
«Сонымен қатар, ВАК-тың 27 сәуірдегі қаулысы бойынша жыл аяғына дейін вакциналауға жататын халықтың 75 пайызын екпемен қамтамасыз ету үшін «Комирнати» екпесінің 500 мың дозасын және QazVac вакцинасының 1 млн дозасын сатып алу көзделген», - деп жазылған жауапта.
Соңғы деректер бойынша, Қазақстанда Pfizer вакцинасын 839 432 жасөспірім салдырды.