Резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Бұл жайында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдірген жөн. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді», - деп атап өтті ҚР Президенті.


Соңғы жаңалықтар