РФ аумағында Қазақстан азаматтарын тонаған күдіктілер ұсталды

АСТАНА. 2   шілде. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясы аумағында Қазақстан азаматтарын тонаған күдіктілер ұсталды. Бұл  туралы бүгін брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
None
None

Естеріңізде болса, 15 мамыр күні Қазақстан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының тұратын Лазиз Хашимов пен Сайдалы Атаев РФ аумағында тоналған болатын. Осыған орай, Қазақстанның Омбы қаласындағы Консулдығынан келіп түскен мәліметтерге сәйкес, аталған қылмыстық іс-әрекет бойынша РФ заңнамасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз», - деді ол.

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, 30 мамыр күні жоғарыда аталған қылмысты жасаған күдіктілер ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар