РФ Ішкі істер министрлігі еліміздің көлік сақшыларын төс белгілермен марапаттады

Сондай-ақ, көлік сақшыларына өзінің қызмет көрсету аумағында есірткі айналымының алдын алу, заңсыз көші-қон, қозғалыс құрамдарынан жүктерді ұрлау мен тонау сынды қылмыстық әрекеттерге қарсы күрес жүргізу міндеті кіреді.
Бүгінде, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының көлік полицейлері арасында өзара әріптестік тығыз байланыс орнатылған. Бұған дейін де еліміздің көлік сақшылары ресейлік әріптестерімен қызмет бабында бірнеше рет кездесіп, өзара іс-қимыл жасау бойынша тәжірибе алмасқан болатын.
Жаңа 2014 жыл қарсаңында Ресейдің Көліктегі Бас басқармасы өзара іс-қимылда белсенділік танытқаны үшін еліміздің 11 көлік сақшысын Ресей Федерациясы Ішкі істер министрілігінің «Қылмыстық іздестіру қызметіне 95 жыл» төс белгісімен марапаттады. Олардың қатарында Көліктегі ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров, басқарма орынбасары Дәулет Мақсұтов және аға жедел уәкіл Мейрам Махметов бар.
27 желтоқсан күні департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Өтетілеуов марапатқа ие болған қызметкерлерді жеке қабылдап, оларға ресейлік әріптестерінің атынан төс белгілерді табыс етті. Талғат Жүкенұлы әріптестерін келе жатқан жаңа жыл мейрамымен құттықтап, олардың адам өмірі мен денсаулығын, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қылмыстық әрекеттерден қорғау жолындағы ауыр да жауапты қызметтеріне сәттіліктер тіледі, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.