РФ Қазақстанға Ми-8, Ми-171 тікұшақтарының кезекті партиясын жеткізеді

«2014 жылдан бері Ресейдің қару-жарақтар мен әскери техникаларының экспорты желісі бойынша біз Қазақстанға Ми-8АМТ, Ми-171Е және Ми-171Ш тікұшақтарын жеткіздік және жаңа жеткізілімдерді жоспарлап отырмыз. Тиісті келіссөздер жүргізілуде», - деп атап өтті Ресей жаңалықтар агенттігіне берген сұхбатында «Ресей тікұшақтары» холдингі бас директорының орынбасары Игорь Чечиков.
Чечиков сондай-ақ, холдинг Қазақстанда пайдаланылып жатқан Ресейде өндірілген тікұшақтарға сервистік қызмет көрсетуді жетілдіретінін атап өтті.
Ми-8/17 тікұшақтары медико-санитарлық және іздестіру-құтқару жұмыстарында қолданылады, жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асырады, орманды және балық аулау кәсібін қорғау жұмыстарына жұмылдырылған.
Ми-171Ш тікұшақтары жеке құрамды, сондай-ақ кабина ішінде және сыртқы аспасында жүктерді тасымалдауға арналған. Оны құтқару операцияларына пайдалануға болады.