12:44, 12 Шілде 2017 | GMT +5
РФ мен ҚР қызметтері «Союз 2.1а» зымыранының ұшырылымына дайындалуда
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 14 шілдесінде «Союз 2.1а» зымыран тасымалдағышының ұшырылымына Байқоңыр ғарыш айлағы қызметтері ғана емес, зымыран тасымалдағышының бөлінген бөлшектері құлайтын аумақтарға қызмет көрсететін арнайы бөлімшелер де дайындалып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

14 маусым күні даладағы өртті сөндіру кезінде адамдар қаза болғаннан кейін, Ресей тарапы жалға алған аумақтарда қосымша қауіпсіздік шараларын қолға алуда.
«ҚазАқпарат» тілшісіне Қазғарыштан мәлім еткендей, ғарыштық ұшырылымның қауіпсіздігіне жауапты Қазақстан мен Ресей қызметтері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы және Қостанай облысындағы Амангелді аудандарының шекарасына толық орналасты. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын «Союз 2.1а» зымыранынан бөлінген бөлшектердің құлау аумақтары нақ осы жерлерде орналасқан.
Ресейлік «Канопус В- ИК» спутнигі бар «Союз 2.1а» зымыран тасымалдағышының ұшырылымы Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан 14 шілде күні Астана уақытымен 12 сағат 36 минутқа жоспарланған.