РФ Президенті Д.Медведев қазақ ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевты «Ғарышты игергені үшін» медалімен марапаттайды

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Мәскеуде Ресей Президенті Дмитрий Медведев қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты «Ғарышты игергені үшін» медалімен марапаттайды.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада Ю.Гагариннің алғашқы ғарышқа сапарының 50 жылдығына арналған фотокөрменің ашылуы барысында Қазақстандағы РФ Елшілігінің елші-кеңесшісі Сергей Тарасенко айтты.

«Мен қазір Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтың Мәскеуде екендігін білемін. Оларды «Ғарышты игергені үшін» медалімен марапаттайды. Менің білуімше, награданы РФ Президенті Дмитрий Медведевтің өзі тапсырады», - деді ол.

Оның атап өтуінше, аталған медаль таяуда ғана бекітілген Ресейдің мемлекеттік наградасы. Бүгін ресейлік ғарыш кемесімен ұшу сапарын жасаған бірқатар шетелдік ғарышкерлерді марапаттау жоспарлануда.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, бүгін РФ-ның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников Қарағандыда болып, космонавтиканың 50 жылдығына арналған мүсіндік композиция салынатын жерге нышандық іргетас қалау рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар