РФ Президенті Дмитрий Медведев Ялтадағы бейресми кездесуге қатысушы президенттердің атынан Виктор Януковичті 60 жылдық мерейтойымен құттықтады

ЯЛТА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат. Бүгін Украинаның Қырым Автономиялық Республикасының Ялта қаласында өтіп жатқан ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуінің барысында Ресей Президенті Дмитрий Медведев шараға қатысып жатқан президенттердің атынан Украина басшысы Виктор Януковичті 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
None
None

«Жұмысымызды бастамастан бұрын мен Виктор Федорович Януковичті барлығымыздың атымыздан шын жүректен кешегі өткен мерейтойымен құттықтаймын. Сізге, Виктор Федорович, Ресей Федерациясының атынан, маған осында отырған әріптестерім қосылады деп үміттенемін, денсаулық, президенттің күрделі қызметінде табыстар тілеймін», деді Д. Медведев.

Ол В.Януковичтің басшылығымен Украина тұрақты өркендейтіндігіне, сондай-ақ бүгінгі кездесуге қатысып отырған мемлекеттер сияқты сенімді әріптесі бар мықты мемлекет ретінде дамитындығына сенім білдірді және Украина басшысына, оның командасына табыстар тіледі.

Айта кетейік, кездесуге алты мемлекеттің басшысы, атап айтқанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, РФ Президенті Дмитрий Медведев, Украина Президенті Виктор Янукович, Беларус Республикасың Президенті Александр Лукашенко, Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев және Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян қатысуда.

Соңғы жаңалықтар