РФ Президенті ҚХР-ға мемлекеттік сапар жасайды

Бейжің және Шанхай қалаларында болады. Бұл туралы дүйсенбі күні Бейжіңде өткен баспасөз мәслихаты барысында Қытай Халық Республикасындағы Ресей Федерациясының елшісі Сергей Разов мәлім етті.
Далянь қаласында РФ президенті кеңес жауынгерлерінің зиратына гүлдестелер қою рәсіміне қатысады деп жоспарлануда.
Д.Медведев Бейжіңде ҚХР жоғары басшылығымен келіссөздер жүргізеді. Ресей көшбасшысы мен қытай басшылығы арасындағы келіссөздердің қорытындылары бойынша Стратегиялық әріптестік пен өзара іс-қимыл қарым-қатынастарын жан-жақты тереңдету бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойылады.
Ресей дипломаты хабарлағандай, бұл кездесулерден басқа екі елдің басшылары «Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына байланысты бірлескен мәлімдеме» қабылдайды.
Сапар барысында «үкіметаралық сипаттағы құжаттарға, сондай-ақ ең алдымен энергетика саласындағы корпоративтік сипаттағы бірқатар құжаттарға» қол қойылады.
«Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуына, энергетика саласындағы өзара іс-қимылға, сауда құрылымын жақсартауға, аймақтық және инвестициялық, сонымен қатар экологиялық және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың кеңеюіне баса назар бөлінетін болады», - деді С.Разов.
«Жыл басынан бергі алынған мәліметтер сауда қазіргі қарқынмен дамып отырса, онда жыл соңына дейін біз 2008 жылғы дағдарыстың алдындағы рекордқа шығатынымызды көрсетіп отыр», - деп атап өтті елші.
2008 жылы Ресей мен Қытайдың екіжақты сауда айналымы 56 миллиард долларды құраған болатын. Биылғы жылы ресейлік тарап осындай көрсеткішке қол жеткізуді күтуде.
Сонымен қатар, Ресей және Қытай басшылығы аймақтық және шекаралық ынтымақтастық, соның ішінде табиғатты қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.