«RG Brands Kazakhstan» өнім экспортын арттырмақ
Мәміле «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының аясында өңдеу өнеркәсібіндегі тауарлардың қазақстандық экспортын қолдау мақсатында жасалып отыр.
Қарыз қаражаты компанияның өнімді өндіруге және экспорттық нарықтарда ілгерілетуге, оның ішінде шикізат, материалдар мен қаптаулар сатып алуға жасалған шығындарымен байланысты айналым капиталын толықтыруға жұмсалмақ.
«2015-2019 жылдар аралығында біз экспорттық сатылымдарды біздің жалпы түсімдерден 25 пайызға дейін арттыруды жоспарлаймыз. Ал мемлекеттің «Бәйтерек» холдингi және даму институттары арқылы көрсеткен қолдаудың арқасында біз өнім экспортын арттыруды жоспарлау мүмкіндік алып отырмыз», - деді «RG Brands Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Тимур Калтаев.
Компания бұл көрсеткіштерге негізінен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, ең әуелі, Ресей мен Қырғызстанда сатылым көлемін ұлғайтудың арқасында қол жеткізбек.