Рыбакина мен Путинцеваның Страсбург турниріндегі қарсыласы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — 19-24 мамыр аралығында өтетін Страсбург (Франция) WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 43-орында тұрған қытайлық Ван Синьюй немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кездеседі.
Әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингіде 41-сатыдағы словакиялық Ребекка Шрамковамен шеберлік байқасады.
Өткен жылы Ю.Путинцева Страсбургте бастапқы айналымнан аса алмаса, Е.Рыбакина қатыспаған еді. 2024 жылы мұнда америкалық Мэдисон Киз чемпион атанған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Жапониядағы жарыстың финалына жолдама алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик Турин турнирінің финалына шықты.