Рыбакинаны жеңген теннисші Уимблдонда чемпион атанды

ЛОНДОН. KAZINFORM — Әлемнің 32-ракеткасы, чехиялық Барбора Крейчикова Уимблдон турнирінің чемпионы атанды.

теннис
Фото: instagram.com/bkrejcikova

Чехиялық спортшы финалда әлемнің 7-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолинимен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Чехиялық спортшы 6:2, 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Крейчикова 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Паолини 3 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Осылайша 2021 жылы Ролан Гарроста үздік шыққан Барбора Крейчикова екінші рет «Үлкен дулыға» жарысында жеңімпаз атанды.

Ол Уимблдонда жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жеңіп кеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын танымал теннисші Новак Джоковичтің өз рекордын жаңартқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар