08:15, 06 Қараша 2013 | GMT +5
Риддер қаласында үй өртеніп, ер адамды күйік шалды
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жекеменшік үйде өрт орын алды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы өрт сөндіру қызметінің 3 техникасы мен жеке құрамның 13 адамы жұмылдырылды. Өрт 80 шаршы метр аумақты шарпып, күйік шалған 34 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.