Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Риддер тұрғындары қақаған қыста тағы жылусыз қалмай ма

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Риддер жылу электр орталығының алдағы қысқа дайындығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

жылу
Фото: Pexels

«Ол жерде техникалық жай-күйіне байланысты жөндеу жұмысы жүргізіліп, қазандықтар бүгінде жұмыс істеп тұр. Тағы 5 қазандықты жөндеу жұмыстары таяу күндері аяқталады. Қазіргі уақытта қала 100 пайыз жылуға қосылған. Бәрі жылу жеткізудің базалық режиміне сай жүріп жатыр. Мердігер ұйымдар жұмысын әлі жалғастырып жатыр», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Айта кетейік, таяуда Риддер жылу электр орталығының инвесторы Әміржан Нәбиев аталған нысанды мемлекетке 1 теңгеге беру туралы шешім қабылдағанын жазған едік. 

Сондай-ақ Риддер ЖЭО-ның бұрынғы меншік иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын, оның ішінде жалақы және салық міндеттемесі бойынша қарызын төледі.