Риддер тұрғындарының үйі неге суық

Риддер тұрғындарының үйі неге суық
Фото: ШҚО Ақпарат орталығы

Риддер қаласы тұрғындарының үйі не себепті суытып кеткені тепловизор арқылы тексерілді, деп хабарлайды Kazinform. 

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, Гагарин және Белинский көшелерінде орналасқан екі үйдегі тексеруді «УК ТС» АҚ жөндеу және пайдалануға беру қызметінің мамандары жүргізді. Ең суық нүктелер мен жылу жоғалатын жерлерді анықтау үшін тепловизор қолданылды.

«Олар пәтерлерді, соның ішінде терезелерді, батареяларды, шатырларды және қоршау конструкцияларын тексерді. Нәтижесінде, ғимараттың ішкі бөлігінен жылы ауа шығып жатқан жерлер анықталды. Көпқабатты үй контурларына қатысты да проблема бар. Бұл үйлердің тозуына байланысты», - делінген хабарламада.

Мұның барлығы ғимараттар ішіндегі температураға әсер етеді. Сондықтан арнайы комиссия тұрғын үйлердің контурларын жылытуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар