Риддер жылу орталығында биылғы жылыту маусымында ақау шыққан жоқ

Риддер
Фото: ШҚО ақпарат орталығы

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер жылу электр орталығында биылғы жылыту маусымында ақау шыққан жоқ.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Риддерге сапары барысында жылу электр орталығының жұмысымен танысты. Орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Биылғы жылыту маусымында ЖЭО-да ешқандай ақау болған жоқ.

«Өткен жылы жылу электр орталығы ауқымды реконструкциялаудан өтті. Осылайша, электр сымдары жаңартылып, теміржол жөнделді, ол арқылы ЖЭО-ға көмір мен мазут жеткізіледі. Сонымен қатар қаланың 2,3 шақырым магистральдық желілері жаңартылып, 4,6 шақырым жаңа желілер салынды. Жөндеу жұмыстары қазандықтарға, жылытқыштарға және турбогенераторларға да әсер етті», - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Биылғы жылыту маусымында жаңартулардан кейін ЖЭО жұмысында бес рет екінші дәрежелі ауытқулар болған. Ал былтыр 65 рет екінші және бес рет бірінші дәрежелі ауытқулар тіркелді.

Соңғы жаңалықтар
telegram