Риддер жылу орталығындағы жарылыстан зардап шеккен 3 адам Өскеменге жеткізілді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер жылу электр орталығындағы жарылыстан зардап шеккен 3 адам Өскеменге жеткізілді.

Бүгін Риддер қаласындағы жылу электр орталығында штаттан тыс оқиға болған еді. Газбен дәнекерлеу жұмыстары кезінде газ-ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шеккен.
Қазіргі уақытта олардың үшеуі Өскеменге жеткізілді. Қалғаны Риддерде дәрігерлердің бақылауында.
- Оқиға орнына Өскеменнен реаниматолог пен травматолог мамандары бар медициналық бригада келді. Олар ең ауыр жарақат алған үш адамды облыс орталығына жеткізу туралы шешім қабылдады. Медицина қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдауда. Науқастардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев.
Осыған дейін Риддер жылу орталығында газ-ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шеккені туралы жаздық.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-да биыл 36 адам бруцеллез жұқтырғаны хабарланған.