Риддер жылу орталығын жөндеуге қажет қаражат толықтай бөлінді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын жөндеуге қажет қаражат 100% бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Риддер жылу орталығын жөндеуге қажет қаражат толықтай бөлінді

Риддердегі жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізу үшін 11 мердігермен келісімшарт жасалып, 280 адам тартылған.

Жақын арада жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандар саны тағы 40 адамға көбейеді.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мұрат Байжүменов мәлім етті.

«Туындаған мәселелерді талқылайтын техникалық кеңес жұмыс істеуде. Оның құрамына ЖЭО мамандары мен мердігер ұйымдардың өкілдері кірді. Қаржы және басқа да ресурстар жеткілікті. Жөндеуге қажетті қаражат республикалық және облыстық бюджеттерден толықтай бөлінді. Енді жұмыс қарқыны арттырылады», - дейді ол.


Қазіргі уақытта барлық алты қазандықта (үш жоғары қысымды және үш орташа қысымды қазандық) күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тозығы жеткен жабдықтар ауыстырылып жатыр.

Қазандықтарға қажетті құбырлар дайын. Материалдар қатаң түрде кестеге сәйкес жеткізілуде


.