Риддерде көлік көпірден құлап кетті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында көлік көпірден құлап кетті. 

жол апаты
Фото: Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Риддерде көліктің көпірден құлағаны туралы видео тарады.

Онда бұл оқиғаның 1 қаңтар күні болғаны жазылған. Анық-қанығын білу үшін ШҚО полиция департаментіне хабарласып көрдік.

Департаменттің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасының Риддерде болғанын растады. 

— Аталған факті бойынша азамат «Toyota Hilux» маркалы көлікті басқара отырып, жолдағы метеорологиялық жағдайларды ескермей, көпірдің қоршауына соғылып, кейіннен аударылып қалғанын хабарлаймыз. Соның салдарынан жүргізуші мен жолаушылар дене жарақаттарын алған. Заң бұзған көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, — делінген ақпаратта. 

Еске салсақ, осыған дейін Семейде жарыс кезінде Ертіс өзеніне көлік құлап кеткені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар