11:51, 14 Ақпан 2011 | GMT +5
Риддерде пештегі ақаудан жеті адам зардап шекті, қаза тапқандар бар
ӨСКЕМЕН. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін түнде Риддер қаласының ауруханасына иіс тиді деген бес адам жеткізілді, олардың ішінде 2 жасар бала да бар.
Ауруханаға әкелінген 49,48, 37 және 21 жастағы адамдардың алкогольді ішімдік ішкені анықталған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері үйдегі пеште ақау болғанын анықтады, үйден жеке тұлғалары анықталмаған екі адамның мәйіті табылды.