Риддерде полицейлер қарақшылық қылмысты 5 сағатта ашты

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Риддерде түнде екі ер адам бетперде киіп, 4-ші шағын аудандағы пәтерге кірген. Үйдегі 47 жастағы үй иесін пышақпен қорқытып, аяқ-қолын байлап тастаған. Артынша қаскүнемдер ірі сомада ақшаны қолды етіп, бой тасалаған. Шығын 2 миллионнан астам теңгеден бағаланды. Таңертең ғана босаған жәбірленуші болған жағдайды полицияға хабарлаған.
Риддер қалалық ІІБ-де құрылған арнайы жедел тергеу тобы дереу қылмысты ашуға кірісті. 5 сағаттан кейін жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктілерді ұстады. 24, 27 және 29 жастағы үш ер адам ұсталды, олардың біреуі бұрын сотты болған. Уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицейлер ұрлаған ақшаны күдіктілердің тұратын жерінен тапты. Қазір аталмыш факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізуде.