Риддерде төтенше жағдай режимі алынып тасталды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, «Риддер ЖЭО» АҚ иесі ауысқалы бері ақаулар тыйылып, жылу мәселесі шешімін тауып келеді.

Қазіргі уақытта орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ЖЭО иелері келесі жылыту маусымына дейін жүргізілетін жөндеу жұмыстарының кестесін жасауда.

«Осындай қиын кезде дүрбелеңге бой алдырмай, қауесеттерге сенбей, болып жатқан жағдайларға түсіністікпен қараған Риддер қаласының тұрғындарына алғысымды білдіремін. Риддер әкіміне жылу электр орталығының қазір ақаусыз жұмыс істеуіне байланысты қаладағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін алып тастауды тапсырдым», - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Осылайша, Риддерде енгізілген төтенше жағдай барлығы үш айға созылып отыр.

Еске салсақ, қаңтар айында Риддердегі жылу электр орталығының иесі ауысқанын хабарлаған едік.


Фото: tets.kz




Соңғы жаңалықтар