Риддерде жаңа туған нәресте шұғыл түрде Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» экипажы санавиация дәрігерлерімен бірлесіп нәрестеге көмек көрсетті. 

Риддерде жаңа туған нәресте шұғыл түрде Өскеменге тікұшақпен жеткізілді
Фото: видеодан алынған скрин

ШҚО ТЖД мәліметіне сүйенсек, ұшқыштар Сергей Пинигин мен Азамат Кабден болды. Сондай-ақ бортта отырған санитарлық авиация дәрігерлері Ботагөз Акашева мен Лариса Величко нәрестеге үздіксіз медициналық бақылау жасаған.

– Олар Өскеменге қиындықсыз ұшып барды. Авиациялық және медициналық қызметтердің жедел әрі кәсіби іс-қимылының арқасында кішкентай пациент уақтылы облыстық медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оған қажетті ем-дом көрсетіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салсақ, осыған дейін жол апатынан зардап шеккен екі бала Атбасардан Көкшетауға тікұшақпен жеткізілгені хабарланған.

Соңғы жаңалықтар