10:29, 27 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Риддерде жылу беріле бастады
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында кешеден бері жылу беріле бастады.

Кеншілер қаласында жылыту маусымы басталып кетті. Жылдағы дәстүрге сай әуелі әлеуметтік нысандарға, одан кейін тұрғын үйлер мен басқа да мекемелерге жылу беріледі.
- Ауа райының суытып кетуіне байланысты 24 қыркүйекте Риддер қаласындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға жылу беріле бастады. Ал 30 қыркүйектен Риддер көпқабатты тұрғын үйлерді жылуға қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлады «Шығыс жылу» АҚ Риддер филиалынан.
Еске салсақ, бұған дейін Риддердегі жылу орталығының жылыту маусымына дайындығы қалай екендігі жайлы жазғанбыз.
Сондай-ақ Алматы облысының қай аудандарына бірінші жылу берілетіндігі хабарланған.