21:44, 27 Шілде 2023 | GMT +5
Риддердегі өзен түсінің өзгеруіне байланысты тау-кен байыту кешенінде тексеру жүргізілуде
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы Филипповка өзені түсінің өзгеруіне байланысты тау-кен байыту кешенінде тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін әлеуметтік желіде Риддердегі Филипповка өзені түсінің сұрланып кеткендігі жайлы видео тарады.
Белгілі болғандай, өзенге Белгілі болғандай, өзенге сол маңдағы тау-кен байыту кешенінің қалдығы құйылған. Бұл кешен «Казцинк» ЖШС-ге қарасты.
«Тау-кен байыту кешенінің қалдық қоймасында технологиялық процестер өзен суының одан әрі ластануына жол бермеу үшін жедел түрде тоқтатылды. Оқиғаның салдарын анықтау жұмыстары жүргізіледі», - деп хабарлады компаниядан.
Сол жерге ШҚО экология департаментінің мамандары да келіп жетті. Экологтар сараптама жасау үшін судан сынама алды.