«Rietumi» банкі Латвия мен Қазақстан үшін өзара тиімді жобаларды қаржыландырмақ

«Қазақстанда өз өкілдігімізді ашқанмен, әзірге мұнда еншілес банкімізді құру туралы жоспарымыз жоқ. Бір банк - бір кеңсе қағидаты бойынша жұмыс жасайтын, жоғары технологиялық әмбебап қаржы институты ретінде бізге Қазақстан бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қызықты болып отыр. Қаржыландыру үшін екі елге де тиімді жобаларды іздейміз», - дейді Р.Бычков. Олар Қазақстан банктерімен ертеден-ақ жақсы қарым-қатынас орнатқан көрінеді. Мәселен Қазкоммерцбанкпен байланысына 15 жылдың жүзі болып қалыпты.
«Банк жүйесі консервативтік құрал. Егер белгілі нарыққа енген қандай да бір банк оған жаңа нәрсе ұсынады деп үміттенсеңіздер, ол қате. Олардың ұсынатын қызметі бірдей және ол жүздеген жылдардан бері жалғасып келе жатыр. Банк тек қызмет көрсету машинасы ғана. Оның тетіктері әртүрлі болуы мүмкін. Жалпы қандай да бір нарықты дамыту банктердің санымен өлшенбейді», - дейді Роман Бычков. Оның сөзіне қарағанда, «Rietumi» экспорттық операцияларға қызмет көрсету мен сауданы қаржыландыруда еуропалық банктермен бәсекелесіп келе жатыр. Сондықтан қазақстандық банктердің санын көбейткеннен көрі, бәсекелестік дамымаған қызмет түрлерін өркендету арқылы екі елдің экономикалық ынтымақтастығын кеңейту екі тарапқа да тиімді болмақ.