Рим папасымен бірге ас ішкен қауіпті қылмыскерлер қашып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Италиядағы Болонья қаласында Рим папасы Францисконың келуі құрметіне орай жайылған қайырымдылық асынан кейін екі сотталушының зым-зия жоқ болғандығы анықталды.

Рим папасымен бірге ас ішкен  қауіпті қылмыскерлер қашып кетті

Түскі асқа мыңдаған адам шақырылған. Шара соңында түрме бақылаушылары   қауіпті қылмыскер саналатын екі Неаполь тумасының қашып кеткендігін анықтады, деп жазады Il Resto del Carlino.