Рим Папасының Мессасына 7 мыңнан астам адам жиналды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрлігі Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезінің аясында өткізіп жатқан Месса рәсіміне 7 мыңнан астам жиналғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рим Папасы Месса рәсімін өткізу үшін EXPO халықаралық көрме орталығының аумағына арнайы көлікпен келді.

«Шара өтетін аумаққа қазіргі таңда 7 мыңнан астам адам жиналған. Олардың неше елден келгені анықталып жатыр», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Месса рәсіміне тікелей қатысу үшін дін өкілдеріне 3000 орын қарастырылғанын айтқан еді.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Месса өткізу үшін әзірленген аумақ 10 мың адамға шақталған.

Оның басым бөлігі Орталық Азия мен өзге де таяу елдердің діндарларына арналып отыр.

Шара елорданың EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында өтіп жатыр.

Ресейлік дін қызмет к ері пірәдар Иван аталмыш шараны тарихи маңызы бар оқиға деп атады.

Қарағанды облысынан Мессаға 350-ден астам католик арнайы келген.



Соңғы жаңалықтар