Римде «Қазақстан - Еуразия орталығы» атты кітаптың тұсаукесері өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рим қаласында «Più Libri Più Liberi» (Көп кітап, Көп бостандық) ірі кітап көрмесі аясында итальян тілінде шыққан «Қазақстан - Еуразия орталығы» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Бұл іс-шараны Қазақстанның Италиядағы Елшілігі «Сандро Тети Эдиторе» баспа үйімен бірлесіп ұйымдастырды және ол Тұңғыш Президент Күні мерекесіне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орайластырылды.

«Қазақстан - Еуразия орталығы» кітабының авторы итальяндық талдаушы және геосаясат саласындағы сарапшы Фабио Индео, ал кітапқа алғы сөзді есімі Италияға кеңінен танымал және Италияның ғалым және сарапшылар ортасында беделді, Венециа Ка Фоскари университетінің тарих және мәдениет профессоры Альдо Ферари жазған. Кітап тарих, мәдениет, әдебиет, филологияға арналған кітаптарды шығаруға мамандандырылған Италияның ең ірі баспаларының бірі - «Сандро Тети Эдиторе» баспасынан шыққан.

«Саяси және экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі, оның нәтижелілігінің құпиясы әрқашан шетелдік зерттеушілердің үлкен қызығушылығын тудырып жүрген болатын. Осы тақырыпқа арналған көптеген жарияланымдар қатарынан енді «Қазақстан - Еуразия жүрегі» кітабы ойып тұрып орын алмақ. Дұрысында, бұл - Қазақстанның ең жаңа тарихының түйінді оқиғаларына бірегей мазмұндама. Автор бейнелі және түсінікті мәнерде қазіргі Қазақстан өмірінің әртүрлі жақтары - саясат және бизнес, дипломатия және білім беру, тарих және мәдениет туралы әңгімелейді», - деп Қазақстанның Италиядағы Елшісі Андриан Елемесов атап өтті.

Кітаптың тұсаукесеріне қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, Рим университеттерінің профессорлары мен студенттер, итальяндық БАҚ-тардың және Италияның ірі кітап баспаларының өкілдері қатысты. Жалпы алғанда, іс-шараға қатысушылардың барлығы итальян тілінде шыққан Қазақстан туралы кітап - екі елдің арасын жақындастыра түсетін тағы бір нақтылы әрекет деген бірдей пікірде болды.

Соңғы жаңалықтар