Рио-2016: Бүгін Қазақстан жалпы есепте бір саты төмен сырғыды

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте бір саты төмен сырғыды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Тура қазіргі есеп бойынша АҚШ 41 алтын 41 күміс, 36 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте  көш бастап келеді. Ал Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальмен кешегі 20-орыннан бір саты төмен сырғып, 21-орында тұр.

Еске сала кетейік, ауыр атлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин және 69 келі салмақтағы боксшымыз Данияр Елеусінов  Рио Олимпиадасының чемпионы атанған еді. Ал Рио Олимпиадасының күміс жүлдесін осыған дейін, балуан Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшы Василий Левит,  Әділбек Ниязымбетов,  және әйелдер күресінен  Гюзель Манюрова жеңіп алды.

Ал Отгонцэцэг Галбадрах, Ольга Рыпакова, ауыр атлеттер Карина Горичева, Фархад Харки, Александр Зайчиков,  Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова,  Иван Дычко және Дариға Шәкімова қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар