Рио-де-Жанейродағы Олимпиада нысандары мен жағажайларда супербактерия табылды

None
None
АСТАНа. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ауруларды қадағалау және алдын алу бойынша орталықтарының (U.S. Centers for Disease Control and Prevention/CDC) мамандары Рио-де-Жанейро қаласындағы эпидемологиялық жағдайды зерттеді. Олардың есептеріндегі қорытындыларды Reuters агенттігі жазды.

Алынған мәліметтерге сәйкес, Бразилияның үлкендігі жағынан екінші қаласында кәріз жүйесі әлі де ескі, соның салдарынан кәріз ағын сулары тазартылмастан мұхитқа төгіледі.

Рио жағажайларында жүргізілген сынақтар онда түрлі микробтардың бар екенін анықтады. Соның арасында антибиотиктерге төзімді «супербактериялар» да бар. Әдетте оларды ауруға шалдыққан адамдар жиналған орындардан табуға болады, бірақ олардан тыс жерлерде бұл бактериялар кездеспейді. Алайда Риода ағын сулардың көлемі жоғары болғаны соншалық, бактериялар бүкіл қалада, соның ішінде жағажайларда да көп таралған..

Ең көп зақымдалған жер - олимпиадалық регаталар мен виндсерфинг жарыстары өтетін Гуанабара шығанағындағы Фламенго жағажайы. Мұнда супербактериялар сынамалардың 90 пайызында анықталды. Атағы кеңге жайылған Ипанема мен Леблон жағажайларында бұл көрсеткіш 50-60 пайызы құрады, ал Копакабана жағажайы «ең таза» (10 пайыз) болып шықты. 

Соңғы жаңалықтар
telegram