21:38, 23 Маусым 2016 | GMT +5
Рио Олимпиадасы алдында қазақстандық зертханаларда допингке қарсы бақылау күшейтілді - Е.Қанағатов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейжің және Лондон олимпиадаларының қазақстандық чемпиондары төңірегінде туындаған допинг дауына байланысты қазақстандық зертханаларда допингке қарсы бақылау күшейтілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Е.Қанағатов мәлімдеді.

«Қазір Олимпиада алдында зертханаларда сынақ өткізіп жатырмыз, дауға байланысты бұл жұмысты күрделі қыла түстік. Барлығы біздің зертханада тесттен өтеді. Егер тыйым салынған зат табылса, спортшыны Олимпиада ойындарына жібермейміз», - деді ол.