10:13, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Рио Олимпиадасын ұйымдастырушылар қарызды өтеу үшін ақша сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Рио-де Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитетіне қарыздарды қайтару үшін қаржылай қолдау көрсетуді тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Р-Спорт»-қа сілтеме жасап.

Атап өтілгендей, «Рио-2016» ұйымдастыру комитеті 130 миллион реал (шамамен 40 млн доллар) көлеміндегі қарызын өтеу үшін ХОК-қа жүгінген.
«ХОК ойындарды Ұйымдастыру комитетінің алдында барлық міндеттемелерін орындады және бұған дейін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын сәтті өткізу үшін рекордты сома аударған болатын», - деп хабарлады ХОК.