Рио Олимпиадасының үміті: Иван Дычко

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасының басталуына 26 күн қалды. Олимпиада ойындарында бірінші кезекте боксшыларымыздан жүлде күтіп отырғанымыз анық.
None
None

Лондонда қоржынымызға қола жүлде сыйлаған алыбымыз биыл одан да жақсы нәтиже көрсетеді деген үміттеміз.

Иван Дычко

Туған күні: 11.08.1990

Салмағы: +91 келі

Туған жері: Қостанай облысы.

Бапкері: Шайрер Владимир, Сапабек Мұқышев.

Жетістіктері:

2008 жылы - Жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

2010 жылы - Азия ойындарының қола жүлдегері;

2011 жылы - Әлем чемпионатының қола жүлдегері;

2013 жылы - Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері;

2013 жылы - Азия чемпионы;

2012 жылы - XXX жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері;

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Қазақстан боксында аса ауыр салмақта боксшылар өте тапшы. Сол олқылықтың орнын сездірмей жүрген қостанайлық тарланымыз талай сындарлы сайыстарда ел намысын абыройлы қорғап келеді.

Енді Рио төрінде аса ауыр салмақ дәрежесіндегі жалғыз үмітіміз Дычко қалайда бір медальға таласа алады деген үміттеміз. Біздің боксшылардың қай-қайсысын алып қарасақта жеңіске лайықты. Сондықтан, қазақ елі Риоға аттанып бара жатқан барлық отандастарынан тек жеңіс күтеді. Тек сәттілік тілейміз....

Соңғы жаңалықтар