«Рио Тинто» компаниясымен жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт 2014 жылдың басында жасалмақ - Ә.Исекешев

«Қазіргі уақытта «Рио Тинто» компаниясының әдістері және жаңа технологиялары қолданылатын іздеу жұмыстарының жобалары әзірленуде. Жобалау жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау, ал келесі жылдың басында - келісімшарттар жасау жоспарлануда. Алдағы жазда егістік жұмыстары басталуы тиіс», - деді Ә.Исекешев.
Оның сөзіне қарағанда, іздестіру кезеңіндегі инвестициялардың бастапқы көлемі 15 млн. АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ, «Рио Тинто» компаниясы геологиялық барлаудың озық технологиялар трансфертін және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу әдістеріне жергілікті мамандарды оқытуды жүзеге асырады.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында «Рио Тинто» компаниясы «Қазгеология» АҚ-ның Балқаш-Сарышаған және Қарағанды облысы Қорғантас учаскесіндегі мыс-порфир кенін барлау жобаларын іске асыру жөніндегі стратегиялық әріптесі деп танылды.