Риодағы Паралимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары кем дегенде 10 жолдаманы жеңіп алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру iстерi комитетiнiң төрағасы Елсияр Қанағатов Лондондағы ойындарға қарағанда, Рио-де-Жанейрода өтетін 15-ші Паралимпиадалық ойындарға баратын спортшылар көбірек болатынын мәлім етті.
None
None

Осы орайда 2012 жылы Лондонда өткен Паралимпиадалық ойындарға жеті қазақстандық спортшы қатысып, оның үшеуі алғашқы ондыққа енгенін еске салып өтті.

«Паралимпиадалық ойындардың ондығына ену жаман көрсеткіш емес. Дегенмен де біздің ұлттық құраманың алдында қазіргі кезде елеулі мақсаттар тұр. Бүгінде спорттың үш түрі бойынша алты спортшы жолдамаларды жеңіп алды. Сонымен қатар жеңіл атлетика, оқ тудан және садақпен атудан жолдамаларды иелену жоспарланып отыр. Жаңадан енгізілген параканоэ туралы айтатын болсақ, Жалғас Тайкенов бұл бағытта жолдаманы жеңіп алуға тырысуда. Ол каноэ бойынша әлем чемпионатына қатысады. Бұл ретте жолдамалар алғашқы төрт орынға беріледі. Жалпы, біз Паралимпиадалық ойындарға 10 спортшының қатысуы мақсатын алдымызға қойып отырмыз», - деді Е. Қанағатов бүгін аталған ойындарға еліміздің спортшыларын даярлау жөніндегі штабтың отырысында.

Айта кетейік, 15-ші Паралимпиадалық ойындардың басталуына 161 күн қалды. Бұл дода биылғы 7-18 қыркүйекте 23 спорт түрінен Рио-де-Жанейрода өтеді. 528 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар