Ришат Хайбуллин әлем кубогында үздік ондыққа кірді

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Уцзян қаласында құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті.

әлем кубогы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық құрама сапынан ең жоғарғы нәтижені Ришат Хайбуллин көрсетті.

Ол «жылдамдық» санатында іріктеуден іркілмей өтіп, 8-орын алды. Мұнда Әмір Маймуратов 38-ші, Бекнұр Алтынбеков 56-шы сатыға тұрақтады. Әйелдер арасында Тамара Олжабаева 29-орын алды.

Барлығы жарысқа «қиындық» және «жылдамдық» санатында 31 мемлекеттен келген таңдаулы 235 спортшы қатысты.

Айта кетейік, Ришат қазір «жылдамдық» санатында әлем рейтингінде 2497.0 ұпаймен 11-орында келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар