Ривекка Жұмағұлова гольфтен АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Ұлттық студенттік атлетикалық қауымдастық чемпионаты аясында Аризона штатында гольфтен Bobcat Desert Classic турнирі өтті.
Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аталмыш жарысқа қазақстандық гольф шебері Ривекка Жұмағұлова қатысып, топ жарған.
Отандасымыз алғашқы кезеңнен-ақ шеберлігімен көзге түсіп, жарыс қорытындысы бойынша -12 (66-67-71) ұпай жинап, үздік көрсеткіш көрсеткен.
Еске сала кетейік, бұған дейін 18 жастағы қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчында Жапония 2:0 есебімен алға шыққанын хабарладық.