«Ризашылық» мерекесіне орай Қарағанды өңірінде балаларға сыйлықтар үлестірілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қараша күні еліміздегі барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ұйымдарында «Ризашылық-Балаларға мейірімділік» қайырымдылық мерекесі өткізілді, деп хабарлайды Қарағанды облыстық білім басқармасынан.
None
None

Биылғы шараның тақырыбы «Қазақстан балалары - Нұрлы жолмен» Қазақ хандығының 550 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына және ҚХА-ның 20 жылдығына арналған. Бұл мереке тәрбиеленушілердің бойында азаматтық пен патриотизм, Отанына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Дәл осы күні Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Шагурашид Мамалинов «Әсем» балалар үйінде болып, балалардың мерекелік қойылымын тамашалап, оларға сыйлықтар табыс етті. Бұл күні өңірдегі барлық балалар үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен, балалар үйлерінің түлектерімен, аналар және әкелер кеңесінің өкілдерімен, саясатта, ғылымда, өнер мен спортта жетістікке қол жеткізген жандармен кездесулер өтті. Сондай-ақ шара аясында балалардың шығармашылық туындыларынан көрмелер мен спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар