Роберт Паттинсон жаңа фильмде Джеймс Бондтың рөлін сомдайды

АСТАНА. KAZINFORM — Amazon-MGM компаниясы Джеймс Бонд туралы жаңа фильмде 007 агентінің рөлін британдық актер Роберт Паттинсон сомдайтынын жариялады. Бұл туралы BBC хабарлайды.

Новым Джеймсом Бондом станет актер Роберт Паттинсон
Фото: Instagram_ 007

Паттинсон «Бэтмен» және «Одиссея» сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы танымал.

40 жастағы актер әлемдік кинодағы ең әйгілі барлаушының рөліне үміткер болған басқа актерлердің кейбірінен жасы үлкен. Басылымның жазуынша, Паттинсонның кеңінен танымал болуы Amazon-MGM үшін маңызды фактор болған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл фильмнің болашақтағы кассалық табысына да әсер етуі мүмкін.

Роберт Паттинсон Лондонда дүниеге келген. Оның алғашқы ірі рөлі — 2005 жылы жарық көрген «Гарри Поттер және От кубогы» фильміндегі Седрик Диггори бейнесі (Harry Potter and the Goblet of Fire).

Кейін ол Кристофер Ноланның «Довод» (Tenet) фантастикалық фильмінде ойнады. Сондай-ақ 2022 жылы режиссер Мэтт Ривз түсірген «Бэтмен» фильмінде басты рөлді сомдады.

Биыл актер Ноланның «Одиссея» фильміндегі негізгі жұлдыздардың біріне айналды. Бұл туынды соңғы уақыттағы ең көп назар аударған кино жобалардың қатарына жатады. Фильмде Паттинсон Одиссейдің басты қарсыласы Антинойдың рөлін сомдады.

— 2025 жылғы ақпанда ұзақ жылдар бойы Джеймс Бонд туралы фильмдерді продюсерлік еткен Барбара Брокколи мен Майкл Уилсон франшизаны шығармашылық тұрғыдан басқару құқығын Amazon MGM Studios компаниясына берді. Бұл студия 2022 жылы технологиялық алпауыт Amazon MGM киностудиясын сатып алғаннан кейін құрылған, — делінген хабарламада.

Бұған дейін аты аңызға айналған актер Джеки Чан Маңғыстау өңіріне табан тірегенін жазған едік.