Roc Nation президенті: Головкин мен Альварестің айқасы - жылдың ең үздік жекпе-жегі
АСТАНА.ҚазАқпарат - Roc Nation Sports кәсіпқой спортты ұйымдастыру компаниясының президенті Майкл Йормарк 2017 жылы қандай жекпе-жектерді маңызды және үздік деп санайтындығын атады, деп жазады Sports.kz.
«Мен биылғы жылы қандай жекпе-жектер ерекше болатындығына аса мән берген жоқпын. Біздің айқасымыз (Ковалев пен Уордтың қарымта кездесуі) - айтулы оқиға деп санаймын. «Канело» мен GGG - екі ұлы боксшының тағы бір керемет жекпе-жегі. Бокс жанкүйері ретінде мен мұны асыға күтемін. Менің есіме бірден оралған нағыз жекпе-жектер осылар, - деді ол Fighthype.com.-ға берген сұхбатында.