Родина ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Родина ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Родина» агрофирмасы» серіктестігінің аумағында орналасқан өрт сөндіру бекетінің ашылуына Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов, облыстық мәслихаттың депутаты Андрей Веревкин, ауылдық округтің әкімі Талғат Мұқышев және ауыл тұрғындары қатысты.

Нысан 2019-2020 жылдарға арналған Ақмола облысының елді мекендерінде кезең-кезеңімен сөндіру бекеттерін құру жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ашылып отыр.

Өрт сөндіру бекеті жылытылатын бокспен қамтамасыз етілген, телефон байланысы жұмыс істейді. Төрт қызметкер және бір өрт сөндіру автокөлігі бар. Өрт сөндіру бекеті 2000 астам тұрғыны бар үш елді мекенге, яғни, Садовое және Зеленый Гай ауылдарына қызмет көрсетеді.

«Родина ауылындағы өрт сөндіру бекеті облысымызда ашылып отырған 25-ші нысан. Оның барлығы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ашылған. Жаңадан құрылған команда тек өртті сөндіріп қана қоймай, сонымен қатар олардың жауапкершілік аймағында болған басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға, халыққа көмек көрсетеді», - дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.

Соңғы жаңалықтар