Ролан Гаррос: Александр Шевченко іріктеу турнирінің финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық теннисшінің әлемдік рейтингіде 268-сатыда тұрған франциялық Матис Эрармен ойыны аса тартысты өтті.
Бірінші партияда франциялық спортшы басымдылық танытты – 6:3.
Екіншісінде А.Шевченко дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3.
Үшінші, шешуші сетте Александр тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:5).
Екі сағат 49 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 1 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тең жартысын құр жібермеді. Эрар 2 эйс, 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.
Франция ашық чемпионатының негізгі жарысына шығу үшін А.Шевченко әлемнің 155-ракеткасы, аустриялық Филип Мисоличпен таласады. Ол отандасы, рейтингіде 183-сатыдағы Лукас
Ноймайерді жолдан тайдырды – 7:6 (7:5), 7:5.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гарроста Дмитрий Попконың үш сағатқа созылған кездесуді жеңіспен аяқтағанын жазған болатынбыз.