Ролан Гаррос турнирі: Анна Данилина 1/8 финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты.

Анна Данилина
Фото: Kazinform

Қазақстандық теннисші сербиялық Александра Круничпен бірге бұл жолы жарыстың 10-ракеткалары, қытайлық Синью Янь – тайбэйлік Фан У-ға қарсы келді.

Екі сет те қазақстандық-сербиялық жұптың басымдылығымен өтті – 6:4, 6:3.

Бір сағат 21 минутқа созылған матчта Данилина – Крунич 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қытайлық-тайбэйлік дуэт 3 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Анна Данилина – Александра Круничтің 1/8 финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Жібек Құламбаева Жібек Құламбаева Куршумлия-Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің жартылай финалында рейтингіде өзінен бір саты төмен тұрған Солтүстік Македония өкілі Лина Джёрческаға жол берді – 2:6, 6:2, 3:6. Тартысты бәсеке 2 сағат 17 минутқа созылды. Сөйтіп Ж.Құламбаева финалға шыға алмай қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакинаның Парижде Ролан Гаррос чемпионын жарыс жолынан тайдырғанын жазған болатынбыз.

Ролан Гаррос турнирінде Юлия Путинцева әлемнің 6-ракеткасына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар