Ролан Гаррос турнирі: Путинцева әлемнің 6-ракеткасына есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымынан тыс қалды.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, 18 жастағы ресейлік Мирра Андреевамен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда Андреева 6:3 есебімен басым түсті. Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:1.
Бір сағат 16 минутқа созылған бәсекеде Андреева 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.
М.Андреева ширек финалға шығу үшін рейтингіде 17-орындағы аустралиялық Дарья Касаткинамен таласады. Оләлемнің 10-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосаны ұтты – 6:1, 7:5.
Өткен жылы Юлия Путинцева Франция ашық чемпионатында екінші айналымнан аса алмаған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакинаның Парижде Ролан Гаррос чемпионын жарыс жолынан тайдырғанын жазған болатынбыз.