Ролан Гаррос турнирі: Юлия Путинцева екінші айналымға өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 31-ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 110-орында тұрған аргентиналық Солана Сьеррамен өткізді.
Бірінші партияда аргентиналық спортшы 3:0, 4:1 есебімен алға кетті. Путинцева таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз есебіне жазды – 7:6 (7:4).
Екінші сет жеңілдеу тиді – 6:2.
Бір сағат 39 минутқа созылған бәсекеде Юлия эйс жасамағанымен, 14 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Сьерра 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Юлия Путинцева үшінші айналымға өту үшін әлемнің 65-ракеткасы, америкалық Кэти Волынец немесе рейтингіде 175-сатыдағы тайбэйлік Джоанна Гарлендтің қай жеңгенімен таласады.
Ю.Путинцева өткен жылы Ролан Гарроста екінші айналымға дейін жеткен еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Ролан Гаррос турнирінде Александр Бублик алғашқы қарсыласынан айласын асырды.
Анна Данилина камбэкпен жеңіске жетті.