Роман Скляр АЭС-тің базалық жобасын биыл аяқтауды тапсырды
«Жасыл күн тәртібі» аясында Қазақстан 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді мойнына алды. Осы орайда баламалы энергетиканы белсенді дамыту қажет. Энергетика министрлігі биыл атом электр станциясын салу технологиялары туралы түпкілікті шешім қабылдап, базалық жобалауға кірісуі керек», - деді Роман Скляр Энергетика Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Өз кезегінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға жуырда шығарылатыны туралы айтқан еді.
«2022 жылы Қытай, Корея, Ресей, Франция сияқты елдердің жеткізушілерінің тексерілген реакторлық технологиялардың қысқа тізімі жасалды. Биыл реактор технологиясын таңдау бойынша жұмыстар жүргізіледі. АЭС-ті орналастырудың оңтайлы алаңы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды. 2023 жылы АЭС-ті салатын ауданды таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылады», - деді Болат Ақшолақов ведомствоның алқа отырысында.