Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты. Нысанның құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған. Бұл туралы Үкімет мәлім етті.

Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты
Фото: Primeminister.kz

Нысан спорт саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады және көпфункционалды кешен болмақ. Делегация құрамында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ құрылыс компаниясының өкілдері болды.

Оқу орнының құрылысы Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп жатыр.

Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның бір бөлігі пайдалануға берілді. Бірінші кезең аясында колледждің оқу ғимараты, 500 орындық жатақхана, трибунаның астындағы бөлмелер, жабық жеңіл атлетикалық манеж, бассейн және көпфункционалды кешен қарастырылған.

Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты
Фото: Рrimeminister.kz

Екінші кезең аясында ғылыми-зерттеу орталығы бар университет ғимаратын, 1 мың орындық жатақхананы, медициналық-сауықтыру орталығын, оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусын және стадионды пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты
Фото: Үкімет
Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты
Фото: Үкімет

Тексеру қорытындысы бойынша вице-премьер спорт нысанына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен жеткізу желілерін тарту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар